Басты тақырып

Сербияда қазақ қызы көпқабатты үйден құлап қаза тапты

Сурет: tiktok/homeart_mebelart

Сербияның Белград қаласында қазақ қызы көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан құлап, қайтыс болды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауды қыздың әкесі әлеуметтік желідегі видеоүндеуінде сұрады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қыздың қазасын растады. Ведомство марқұмның туыстарына көңіл айтып, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.

«Қаза тапқан азаматтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дипломаттар марқұмның отбасымен тұрақты байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. Министрлік бұл жағдайды бақылауда ұстап отыр», деді СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаев.

Көп оқылғандар