Спорт

Сәтпаевқа сенім артқан Алонсо: жас шабуылшының алғашқы ойыны нені көрсетті?

Сурет: Instagram/Blue Season Daily

17 жастағы Дастан Сәтпаевтың «Челси» сапындағы бейресми дебюті бас бапкер Хаби Алонсоның командалық жоспарын аңғартты. Британдық БАҚ-тардың мәліметінше, Алонсо қазақстандық футболшыға сенім білдіріп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Read Chelsea порталының жазуынша, испаниялық маман Сәтпаевты үзілістен кейін алаңға жай ғана шығармаған. Керісінше, ол шабуылшының мүмкіндіктерін мұқият бағалауды көздеген.

«Дастан Сәтпаев екінші таймда алаңға шықты. Себебі Хаби Алонсо «Челсидің» ең перспективалы жас шабуылшыларының әлеуетін бағалады», деп жазды басылым.

Басылым авторларының пікірінше, ұлттық құрама ойыншысының маусым алдындағы алғашқы кездесуге қатысуы бапкерлер штабының оны өз тактикалық жүйесіне бейімдеуді жоспарлап отырғанын көрсетеді.

«Қазақстан құрамасының ойыншысы «Қайраттан» ауысқаннан кейін негізгі командаға қосылды. Оның бұл матчқа қатысуы Алонсоның жаңа маусымдағы рөлін анықтамас бұрын футболшыны жіті бағалағысы келетінін аңғартады», делінген мақалада.

Жабық форматтағы жолдастық кездесуде клуб академиясының тәрбиеленушілері Реджи Уолш пен Реджи Уотсон да алаңға шықты.

Бұған дейін «Челси» мен «Страсбург» клубтарына таланттарды іріктеуге маманданған Otu lala X парақшасы Сәтпаевты Францияға аттануы мүмкін үміткерлер қатарына қосқан еді. Қазір ұлттық құрама шабуылшысы Хаби Алонсоның жетекшілігімен «Челсидің» жаттығу жиындарына қатысып жүр.

Көп оқылғандар