Сурет: ашық дереккөз
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласындағы турнирде жеңімпаз атанған соң WTA чемпиондар жарысындағы бірінші орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол 8001 ұпаймен көш бастап тұр. Оның басты қарсыластары – Беларусь теннисшісі Арина Соболенко (6550 ұпай) және ресейлік Мирра Андреева (6306 ұпай) – артта қалды.
Чемпиондар жарысының үздік 15 спортшысы арасында тағы бір ресейлік Диана Шнайдер ғана өз орнын жақсартты: ол 13-орыннан 12-орынға көтеріліп, поляк теннисшісі Майя Хвалиньсканы бір сатыға төмендетті.
Нинбодағы турнирдің жартылай финалында Шнайдер Рыбакинаға жол берген болатын. Ал финалға шыққан канадалық Лейла Фернандес алты сатыға көтеріліп, 22-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің екі дүркін чемпионы атанды.
Мазмұнға өту
