Сурет: ашық дерекөзден
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының (US Open) келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әлемнің екінші ракеткасы үшінші айналымда украиналық Юлия Стародубцевамен кездесіп, 1 сағат 53 минутқа созылған матчта 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Ойын барысында Рыбакина 12 эйс соғып, бір қос қателік жіберді. Ол 13 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Бірінші сет тартысты өтіп, тай-брейкте Рыбакинаның пайдасына шешілді. Екінші партияда қазақстандық спортшы қарсыласының екі добын сәтті қабылдап, геймді өз еншісіне жазды.
Енді Рыбакина 1/8 финалда әлемдік рейтингте 13-орындағы жапониялық Наоми Осакамен кездеседі. Осака үшінші айналымда бельгиялық Элизе Мертенсті 6:1, 3:6, 7:5 есебімен ұтты.
