Жайық news

Рудныйда 19 жастағы жігітті пышақтап кеткендер кәмелетке толмағандар болып шықты

Рудный қаласында 19 жастағы жігіттің өліміне қатысты іздеуде жүрген екі жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен кәмелетке толмаған екі азамат қолға түскен.

Осыған дейін, 23 қаңтарда Рудныйдағы көпқабатты үйлердің бірінен 19 жастағы жігіттің пышақталған денесі табылған болатын.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар