Сурет: FIFA
Испания құрамасының жартылай қорғаушысы әрі капитаны Родри ФИФА шешімімен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Финалда Испания қосымша уақытта Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, екінші рет әлем чемпионы атанды. Родри турнирдегі сегіз матчтың барлығында ойнады. Ол гол соқпаса да, нәтижелі пас бермесе де, Испания бүкіл чемпионатта бір ғана гол жіберіп, табысқа жетті.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтті. Бұған дейін Пау Кубарси үздік жас ойыншы атанғаны хабарланған. Килиан Мбаппе турнирдің үздік сұрмергені болды.
Мазмұнға өту
