Сурет: ашық дереккөз
Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлерді заңсыз дайындау мен сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу деректеріне сәйкес, нөмірлер Ресейден экспресс-жеткізу қызметі арқылы жеткізіліп, кейін елдің әртүрлі өңірлеріндегі тапсырыс берушілерге жіберілген. Бұл схема Алматыда тұрақты жұмыс істеген.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері мен басқа да заттай дәлелдер тәркіленді.
Қазіргі уақытта заңсыз әрекетке қатысы бар басқа адамдарды анықтау үшін тергеу жалғасуда.
Бас көлік прокуратурасы жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Мұндай әрекеттер жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейді.
Бұған дейін елімізде жалған нөмірмен жүрген 500-ден астам көлік анықталғанын еске саламыз.
Мазмұнға өту
