Қоғам

Ресейдегі Ozon қоймасына дрондар шабуыл жасады

Сурет: istockphoto.com

Ресейдің Самара облысындағы Ozon маркетплейсінің логистикалық орталығына дрондар шабуыл жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Компанияның мәліметінше, шабуыл салдарынан қоймада өрт шыққан. Қауіпсіздік жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп, нысандағы 500-ден астам қызметкер бірнеше минут ішінде эвакуацияланған.

«Өрттің шығуына байланысты қойманың жұмысы белгісіз мерзімге тоқтатылды. Келтірілген шығын көлемі кейінірек бағаланады», деп хабарлады Ozon.

Компания қойма жұмысы тоқтағанымен, клиенттер мен серіктестерге арналған сервис тәулік бойы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді. Ozon-ның логистикалық желісі штаттық режимде жұмыс істеп, тапсырыстарды өңдеу жалғасып жатыр.

Алайда аталған қоймадан жеткізілетін тапсырыстар тоқтатылады. Компания олардың тұтынушыларға ақшасын қайтаратынын хабарлады.

Бұл Ресейдегі маркетплейстердің логистикалық инфрақұрылымына жасалған алғашқы шабуыл емес. 2026 жылдың шілдесінде Wildberries логистикалық нысандарына дрондар шабуылы жасалды. Осыдан соң Ресейлік Wildberries маркетплейсі Қазақстанда жалпы аумағы шамамен 260 мың шаршы метрді құрайтын қойма кешендерін салып жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, Тоқаев ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы кезінде Ресей мен Украина арасындағы соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды.

Көп оқылғандар