Categories Жайық news

Ресей Трампқа 12 трлн долларға «бейбітшілік» сатпақшы: WSJ жасырын келіссөзді жария етті

Беделді The Wall Street Journal басылымы Кремльдің АҚШ президенті Дональд Трампқа Украинадағы соғысты тоқтату бойынша құны 12 триллион доллар болатын жасырын ұсыныс жасағанын жазды. Бұл туралы саясаттанушы Дулат Бәкішев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақпаратқа сәйкес, «Дмитриев пакеті» деп аталатын бұл ұсынысты Украина президенті Владимир Зеленский де екі күн бұрын өз барлау қызметінің деректеріне сүйеніп жария еткен. Жоспар бойынша, Мәскеу Вашингтонға бірнеше ірі экономикалық жобаны ұсынады.

Олардың қатарында Еуропада бұғауланған 300 миллиард долларды қайтару, «Солтүстік ағын» (Nord Stream) газ құбырын қайта іске қосу, сондай-ақ Арктикадағы және басқа да кен орындарындағы сирек металдар мен энергетикалық ресурстарды америкалық компанияларға беру немесе бірлесіп игеру бар.

Есесіне Ресей Федерациясы АҚШ-тан соғысты тоқтатуға көмектесуін сұрайды. Алайда Мәскеудің басты шарты – Донбасс өңірін өз бақылауында қалдыру. Саясаттанушының пікірінше, Кремль осы арқылы болашақта Украинаны әлсіз мемлекет ретінде ұстағысы келеді.

«Әрине, бұл толығымен іске аспайтын «пакет». Еуропа мен АҚШ-тағы прогрессивті күштер мұның жүзеге асуына жол бермейді. Дегенмен, бұл – маңызды сигнал. Яғни, Ресей соғыста Киевті жеңе алмайтынын түсінген сияқты. Ресей экономикасы да тығырыққа тіреле бастады. Енді Киевке келіссөздерде жеңілмеу қажет. Еуропа оның жанында. Енді ешкім де Украинаны оңай сатып кете алмайды», – деп санайды Дулат Бәкішев.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…