Жайық news

Референдумға халықтың қатысуы 73%-дан асты: Алдын ала нәтиже қашан белгілі болады?

Қазақстанда өткен республикалық референдумға сайлаушылардың 73,24%-ы қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-дегі мәліметіне сәйкес, жалпы 9 126 850 азамат дауыс беруге арналған бюллетеньді алған.

Референдумның алдын ала қорытындысы бөлек жарияланады. Алайда оның нақты уақыты әзірге белгісіз.

Заң бойынша дауыстарды санау уақыты 12 сағаттан аспауы тиіс.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар