Categories Жайық news

Референдум: Оралда арбаға таңылған белсенді ел ертеңі үшін дауыс берді

Батыс Қазақстан облысында ерекше қажеттілігі бар 2 мыңнан астам азамат референдумда өз таңдауын жасады, оларға сайлау учаскелеріне жету үшін тегін такси қызметі мен арнайы жағдайлар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Облыс бойынша референдумға қатысуға құқылы 446 391 адамның 2254-і – ерекше жағдайды қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі жандар. Облыстық референдум комиссиясы бұл санаттағы азаматтардың өз таңдауын еркін білдіруіне барынша жағдай жасағанын хабарлады. Орал қаласы мен аудандарда инватакси қызметі іске қосылып, учаскелерде арнайы бұрыштар ашылған.

Тағдыр сынағына мойымай, арбаға таңылса да қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген жандардың бірі – Гүлмира Батпақұлова. Ол өзі құрған «Арба» бірлестігі арқылы талай жанға қолдау көрсетіп келеді. Белсенді бүгінгі маңызды саяси науқаннан да тыс қалмай, өз дауысын беруге келді.

«Бүгін №34 учаскеде өз дауысымды беруге келдім. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың бәріне, соның ішінде нашар көретіндерге де өте ыңғайлы жағдай жасалған. Тактильді плитка, бағыттаушы, арбамен кіруге арналған пандус – бәрі бар. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға да барлық жағдай қарастырылған. Ел ертеңіне қатысты ұстанымымды білдіру – менің азаматтық парызым», – дейді Гүлмира Батпақұлова.

Жалпы, облыс бойынша ерекше қажеттілігі бар жандарды сайлау учаскелеріне тасымалдау үшін 78 арнайы автокөлік жұмылдырылған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…