Басты тақырып

«Реал Мадрид» футболшыларын Алматы әуежайы құрметпен қарсы алды

Түнде Алматыға мадридтік «Реал Мадридтің» футболшылары мен делегациясы келіп жетті. Испаниялық клуб 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур аясында «Қайратпен» кездеседі.

Әуежайда корольдік клуб ойыншыларын ерекше құрметпен қарсы алды: ұлттық аспаптарда Чемпиондар лигасының гимні орындалып, жүздеген жанкүйер өз кумирлерін қошеметпен қарсы алып, алдағы ойынға сәттілік тіледі.

Бұл сәт Алматыда өтетін тарихи матчқа деген қызығушылық пен футболға деген махаббаттың ерекше көрінісі болды.

сурет: видеодан скрин

Көп оқылғандар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *