Сурет: Ашық дереккөз
Ішкі істер министрлігі рақымшылықтың орындалу барысы туралы есеп берді. Соттарға 10 мыңнан астам ұсыныс жіберілді, оның ішінде 4 400-ге жуығы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен, ал 6 900-ден астамы пробация қызметтерінен келіп түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Соттар мыңнан астам материалды қарап, түзеу мекемелерінен 620 адамды босатты. Олар бақылауға алынып, белгіленген тәртіппен қадағаланады.
Пробация қызметінің есебінде тұрған 724 азамат жазасын өтеуден босатылды, ал 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.
Министрлік рақымшылық автоматты түрде қолданылмайтынын ескертеді. Әрбір іс жеке қаралып, сотталғанның жағдайына құқықтық баға беріледі. Түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды.
Рақымшылық институты әлемнің көптеген елінде бар. Ол ТМД елдерінің бәрінде, сондай-ақ Аустрия, Албания, Андорра, Болгария, Вьетнам, Дания, Мысыр, Ирак, Италия, Қытай, Солтүстік Корея, Латвия, Ливан, Литва, Португалия, Румыния, Сан-Марино, Түркия, Филиппин, Франция және Эфиопия заңнамаларында қарастырылған.
Мазмұнға өту
