Спорт

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» бас бапкері қызметінен кетті

Сурет: ашық дереккөз

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Клуб басшылығы бұл шешімді мақұлдап, оның өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Уразбахтин 2024 жылдың қыркүйегінде негізгі команданың бас бапкері болып тағайындалып, алғашқы маусымында-ақ «Қайратты» Қазақстан чемпионы атандырды. 2025 жылы оның жетекшілігімен команда Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғады және клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Ал 2026 жылғы маусымда «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Бас бапкер міндетін бұған дейін «Қайрат-Жастар» командасын басқарған Жора Арутюнян атқарады. Оның жетекшілігімен команда «Алтайға» қарсы алдағы матчқа дайындалуда.

«Бас бапкердің міндетін бұған дейін «Қайрат-Жастарды» басқарған Жора Арутюнян атқарады. Оның жетекшілігімен команда «Алтайға» қарсы алдағы матчқа дайындалады. «Қайрат» футбол клубы Рафаэль Уразбахтинге атқарған жұмысы, кәсібилігі, клуб тарихына қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғыс айтады. Алдағы мансабына сәттілік тілейміз», делінген ақпаратта.

Бұған дейін Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» командасының әлсіз тұсын атаған болатын.

Көп оқылғандар