Басты тақырып

Қызылордада 1 трлн теңгеге 14 ірі жоба іске қосылады

Қызылорда облысында биыл 1 триллион теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталады. Бұл туралы өңір басшысы Мемлекет басшысына есеп берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімін қабылдап, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама тыңдады. Кездесуде әкім Мұрат Ергешбаев биылғы жылға жоспарланған ірі жобалардың тізімін ұсынды.

«Биыл 1 триллион теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталады. Олардың ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым салаларындағы жобалар бар. Бұл аймақ экономикасына серпін береді», — деді М.Ергешбаев.

Жобалардың іске асуы нәтижесінде мыңдаған жұмыс орны ашылып, өңірдің инвестициялық тартымдылығы артады деп күтілуде. Президент жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қадағалауды тапсырды.

Көп оқылғандар