Басты тақырып

Қытайлық компания Маңғыстауда көпфункционалды порт салады

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Guoyou компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боянды қабылдап, порт инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиядағы толыққанды көлік хабына айналу мақсатын атап өтіп, мультимодальді порт хабын құру бастамасын құптады. Guoyou Materials Group Маңғыстау облысындағы Құрық портында көпфункционалды порт салуды жоспарлап отыр. Жобаның алғашқы жылында порттың жүк өткізу көлемі 15 миллион тоннаға жеткізілмек.

Тоқаев бұл жоба теңіз және теміржол логистикасын ұштастырып, өңірдің көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыратынын айтты. Жаңа порт Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін күшейтеді. Юй Боян жоба жайында баяндап, Каспийдегі теңіз тасымалының келешегі туралы ой бөлісті.

Әңгімелесу барысында порт хабы арқылы жұмыс орындарын ашу, кадрлық әлеуетті нығайту, отандық тауар мен қызметтерді пайдалану мәселелеріне назар аударылды.

Көп оқылғандар