Сурет: Reuters
Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында нөсер жауыннан кейінгі су тасқыны салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы 23 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті биліктің мәліметінше, 26 шілдеде түстен кейін болған су тасқыны Динси қаласына қарасты Вэйюань ауданындағы демалыс аймағын басып қалған. Алдын ала ақпарат бойынша, аталған аумақта шатырлы лагерь құрған туристер су тасқынының құрсауында қалған.
Оқиға орнына қоғамдық қауіпсіздік қызметкерлері мен өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Мазмұнға өту
