Басты тақырып

Қытайдағы аяқ-киім фабрикасындағы өрттен 28 адам қаза тапты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қытайдың Фуцзянь провинциясындағы аяқ киім фабрикасында болған ірі өрт салдарынан кемінде 28 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, өрт өндірістік ғимараттың бірінші қабатынан басталған. Өрттің шығу себебі әзірге анықталмаған.

Өртті сөндіруге 183 өрт сөндіруші мен 35 арнайы техника жұмылдырылды.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин оқиғаның мән-жайын толық тергеуді және кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Көп оқылғандар