Әлем

Қытайда көшкін салдарынан 558 адам із-түзсіз жоғалды

Сурет: Синьхуа

Қытайда көшкін жүрген кезде 558 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жоғалғандардың арасында 260 шетелдік азамат бар. Табиғи апат салдарынан үш адам қаза тапқан.

26 тамызда Қытай мен Непал шекарасындағы «Гьиронг» өткізу пункті ауданында ірі көшкін болды. Оған Тибет тауларындағы қар мен тастың сырғуы себеп болған. Бхоте-Коси және Трисули өзендеріндегі су деңгейі күрт көтерілді. Непалда болған жойқын су тасқыны салдарынан 160-тан астам адам қаза тапты.

Непалдың тәуекелдерді азайту және апат салдарын жою ұлттық басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта елде 826 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. 27 тамыз күні таңертең 116-ға жуық адам тікұшақтардың көмегімен су тасқыны аймағынан эвакуацияланды.

Айта кетейік, Үндістанның Мумбай қаласында болған көшкін салдарынан 7 адам қаза тауып, тағы 4 адам жарақат алды.

Көп оқылғандар