Categories Жайық news

Қытай-Қырғызстан шекарасындағы жер сілкінісі Қазақстанның екі облысында сезілді

19 ақпанда түстен кейін Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жер дүмпуі Алматы және Жетісу облыстарының тұрғындарына білінді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі жер асты дүмпуін 19 ақпан күні сағат 14:09-да тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Мамандардың дерегінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,3-ке жетіп, 15 шақырым тереңдікте болған. Осының салдарынан Алматы облысының бірнеше ауылының тұрғындары 2-3 балл шамасындағы тербелісті сезген.

Сонымен қатар жер дүмпуі Жетісу облысында да байқалды. Атап айтқанда, Жаркент қаласында 2 баллдық тербеліс тіркелген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…