Categories Жайық news

Қысқы Олимпиада: Бүгін жарысқа шығатын қазақстандық спортшылардың толық кестесі

Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында бүгін Қазақстан құрамасының спортшылары бірнеше спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Отандастарымыздың өнерін «Qazsport», «Qazaqstan», «Jibek Joly» және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Спортшылардың жарыс кестесі (Астана уақытымен):

13:45 – Шаңғы жарысы (командалық спринт). Бұл сында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков ел намысын қорғайды.

14:00 – Тау шаңғысы (слалом, әйелдер). Еліміздің атынан Александра Скороходова өнер көрсетеді.

14:00 – Фристайл-акробатика (әйелдер). Бұл спорт түрінде Аяна Жолдас бақ сынайды.

Олимпиаданың жалпы медальдар есебінде қазіргі таңда Норвегия құрамасы көш бастап келеді. Үздік үштікке Италия мен АҚШ кіріп отыр.

Жалпы есептегі көшбасшылар:
• Норвегия – 31 медаль (14 алтын);
• Италия – 24 медаль (9 алтын);
• АҚШ – 21 медаль (6 алтын).

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…