Сурет: Depositphotos.com
Қырғызстан парламентінің депутаттары «Азаматтық хал актілері» туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. Қазіргі заң бойынша бала ата-анасының тек біреуінің ғана тегін ала алады. Жаңа бастама бойынша балаға әкесі мен анасының тегін қатар беруге рұқсат етілмек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қосарланған фамилиялар арасына дефис қойылып, реттілігін ата-ана өзара келісіп шешеді.
Депутаттардың бұл бастама көтеруіне тұрғындардың өтініші себеп болған. Мысалы, бұрын бір отбасы баласына Титов-Хан деген қосарланған тек бермекші болғанда, АХАТ органдары заңға сүйеніп, бас тартқан. Егер жаңа заң жобасы қолдау тапса, мұндай мәселелер шешімін табады.

