Спорт

ҚПЛ: «Астана» «Ақтөбені» жеңіп, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді

Сурет: «Астана» футбол клубы

Қазақстан Премьер-лигасының XVII туры аяқталды. Осы турдағы басты матч «Астана» мен «Ақтөбе» арасында өтіп, елордалық клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс «Астанаға» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қостанайлық «Тобыл» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» 3:1 есебімен ұтып, 18 ұпаймен он бірінші орынға жайғасты.

Басқа ойындардың нәтижелері: «Қайрат» — «Қызылжар» 3:0, «Елімай» — «Атырау» 1:2, «Жетісу» — «Алтай» 0:1, «Ертіс» — «Жеңіс» 0:1, «Каспий» — «Ордабасы» 3:2, «Ұлытау» — «Қайсар» 1:0.

Келесі турдың матчтары 18 және 19 шілдеде өтеді.

Көп оқылғандар