Басты тақырып

Қосшыдағы демалыс орнында алты жасар бала бассейнге батып кетті

Сурет: istockphoto.com

Қайғылы жағдай 17 шілдеде орын алған. Полицияға жедел әрекет ету қызметі баланың қаза тапқаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды, — деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның басқа да мән-жайын жариялаған жоқ. Полицейлер ата-аналарды балаларды су айдындары мен бассейндердің маңында қараусыз қалдырмауға шақырды.

Көп оқылғандар