Басты тақырып

Қонаевта әскери қызметші төртінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды

Сурет: kaz_desant, инстаграм

3 тамызда Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші төртінші қабаттың терезесінен құлап, жарақат алған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің ресми хабарламасына сәйкес, әскери қызметші дереу медициналық мекемеге жеткізілген. Оған барлық қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсетіліп жатыр, ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

«Оқиғаға дейін әскери қызметші әскери қызмет өткеру жағдайына қатысты ешқандай шағым айтпаған. Оқиға қарсаңында оның ата-анасы әскери бөлімге келіп, ұлымен кездескен. Кездесу барысында олардың тарапынан қандай да бір өтініштер немесе шағымдар түспеген», делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізілуде. Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеру тағайындап, арнайы комиссия құрды. Оқиғаға қатысты жағдай ерекше бақылауға алынды.

Көп оқылғандар