Қоғам

QazTech платформасында әзірленген eGov 3.0 порталы іске қосылды

Сурет: Egemen.kz

Елімізде QazTech платформасында әзірленген заманауи eGov 3.0 порталы іске қосылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл портал мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыруға, артық талаптарды болдырмауға және инфрақұрылымға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

«eGov порталы да өзінің технологиялық мүмкіндігінің шегінде жұмыс істеп келді. Осыған байланысты жақында QazTech платформасында әзірленген заманауи eGov 3.0 порталы іске қосылды», деді Жаслан Мәдиев.

Оның айтуынша, қызметтер барынша оңай, пайдаланушы үшін ыңғайлы пішінде жинақталған. Талаптар мен қадамдар саны азайды. Сұранысқа ие қызметтердің бір бөлігі жаңа пішінде болады.

Осыған дейін халықтың eGov және әлеуметтік қосымшаларды тарифсіз пайдалана алатынын хабарлаған едік.

Көп оқылғандар