Басты тақырып

Қазгидрометтен шұғыл ескерту: Еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі. Кей жерлерде екпінді жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Сондай-ақ аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ең жоғары ауа температурасы Қызылорда облысында +42 градусқа дейін жетеді. Жамбыл облысында +41 градус, ал Алматы облысы мен Қонаев қаласында +38 градусқа дейін ыстық болады.

Көптеген өңірде желдің екпіні 20-25 м/с-қа, кей жерлерде 28 м/с-қа дейін күшейеді.

Бұдан бөлек, еліміздің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Ал жекелеген аудандарда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Көп оқылғандар