Сурет: Magnific.com
«Қазгидромет» еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, 11 тамызда Өскемен, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Айта кетейік, 11 тамызда Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.
Еске салайық, «Қазгидромет» тамыз айына арналған агрометеорологиялық болжамын жариялап, еліміздің бірқатар өңірінде атмосфералық құрғақшылық болуы мүмкін екендігін хабарлады. Болжамға сәйкес Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда және Жәнібек аудандарында, Ақтөбе облысының Шалқар мен Ырғыз аудандарында, Атырау облысының Құрманғазы ауданы мен Алматы облысының Балқаш ауданында құрғақшылық күтіледі.
Мазмұнға өту
