Сурет: ашық дереккөз
«Қазгидромет» синоптиктері 11 қарашаға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты бірқатар қалада атмосфералық ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Болжам бойынша, Астана, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау және Атырау қалаларында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеожағдайлар болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқамерзімді факторлардың әсерінен ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әкелетін жағдай.
Сонымен қатар, Табиғат қорғау прокуратурасы Екібастұз өңіріндегі жер учаскелерін тексеру кезінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің күл-қож қалдықтарын тасымалдайтын құбырға іргелес аумақта қалдықтарды жинағанын анықтады. Экологиялық талаптарды бұзғаны үшін кәсіпорынға 70 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.
Бұған дейін, 2025 жылдың желтоқсанында Атырау облысындағы зауыт аумағында бензин төгілуіне байланысты зауытқа 4 млн 325 мың теңге айыппұл салынып, мемлекет пайдасына өндірілген болатын.
Мазмұнға өту
