Басты тақырып

Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Сурет: Александр Павский/Kazinform

«Қазгидромет» РМК 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен бұршақ жауып, солтүстікте дауылды жел болады. Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталған. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстікте және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте, шығыста тұман болжанады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-39 градус қатты ыстық болады. Жамбыл облысында 38-42 градус, Түркістан және Қызылорда облыстарында 40-44 градус қатты ыстық болжанған.

Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Қарағанды және Қызылорда облыстарының оңтүстігінде күндіз 40-45 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Еліміздің оңтүстігінде аптап ыстықтың беті қайтар емес. Шымкент пен Түркістан облысында ауа температурасы +40 градустан жоғары болып тұр.

Көп оқылғандар