Сурет: Depositphotos.com
«Қазгидрометтің» мәліметінше, ел аумағына солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
15-16 шілдеде кейбір аймақтарда нөсер жауып, бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы төмендеп, күндіз 25-30°C шамасында болады.
Ал оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады. Өзбекстаннан келетін құрғақ ауа массалары оңтүстік пен шығысқа ықпал етіп, жауын-шашынсыз ыстық ауа райын қалыптастырады.
Күндіз оңтүстікте ауа 40-45°C-қа, шығыста 33-38°C-қа дейін ысиды.
Мазмұнға өту
