Қоғам

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа температурасы +40°С-тан жоғары болады

Сурет: istockphoto.com

9 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ыстық әрі құрғақ ауа райы сақталады. Кейбір өңірлерде ауа температурасы +40 градустан асса, басқа жерлерде найзағай, қатты жел, тұман және шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысында жауын-шашын болмайды, күндіз ауа +30…+35 градусқа дейін жылынады. Алматы облысының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа температурасы +33…+38 градус болады.

Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз ауа +32…+37 градус шамасында болады. Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтілсе, қалған аумақта аптап ыстық сақталып, ауа +36…+41 градусқа дейін көтеріледі.

Батыс Қазақстан облысында күндіз +33…+38, оңтүстігінде +41 градусқа дейін ыстық болады. Атырау облысында ауа +36…+41 градусқа дейін көтерілсе, Маңғыстау облысында қатты ыстық күтіледі — күндіз ауа +39…+44 градусқа дейін жетеді. Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде ауа +41 градусқа дейін қызады.

Қостанай облысында күндіз +32…+37 градус, оңтүстігінде +40 градусқа дейін ыстық болады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр, найзағай және бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының орталығы мен шығысында күндіз шаңды дауыл болжанып отыр, ауа температурасы +38…+43 градусқа дейін көтеріледі. Жамбыл облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с дейін күшеюі мүмкін, күндіз ауа +33…+38 градус болады.

Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында да негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кей өңірлерде жел күшеюі ықтимал.

Көп оқылғандар