Басты тақырып

Қазақстанның басым бөлігінде 22 шілдеде ауа райына ескерту жарияланды

Сурет: Pixabay.com

«Қазгидромет» 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан және Өскеменде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Павлодар, Петропавл және Таразда желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Ал Ақтөбе, Атырау, Қонаев және Оралда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Күндіз Атырауда +34…+36°C, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Орал, Ақтау және Шымкентте +30…+33°C, Өскемен мен Ақтөбеде +30…+32°C, Алматыда +27…+29°C, Қостанай мен Семейде +27…+30°C, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Жезқазған және Қарағандыда +23…+27°C, Астанада +22…+24°C болады.

Бұған дейін жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен қатты дауыл мен бұршақтың салдарынан Павлодар облысының бірқатар елді мекенінде тұрғын үйлерге, әлеуметтік және электр желісі шаруашылығы нысандарына зақым келгені туралы хабарлаған едік.

Көп оқылғандар