Сурет: Egemen Qazaqstan
«Қазгидромет» 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.
Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда жауын-шашынсыз, аптап ыстық ауа райы сақталады.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыс пен солтүстік облыстарда тұман түседі.
Күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының шығысында және Жетісу облысының шығыс және таулы аудандарында ауа температурасы +35…+38°C-қа дейін көтеріледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде аптап ыстық +38…+40°C, ал Түркістан облысында +40…+44°C болады.
Мазмұнға өту
