Басты тақырып

Қазақстаннан 350 мың долларды заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

Сурет: istockphoto.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қордайда 350 мың долларды заңсыз алып өтпек болған шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шетел азаматының жүгін тексеру кезінде 350 мың долларды (шамамен 170 миллион теңге) заңсыз алып өтпек болғанын анықтады.

Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды. ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес ел аумағынан 10 мың доллардан асатын қолма-қол ақшаны алып шығуға тыйым салынғанын еске салады, — делінген ҰҚК хабарламасында.

ҰҚК мәліметінше, 30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде декларацияланбаған валютаны алып өтудің 38 фактісі анықталған. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 636 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша тәркіленген.

Көп оқылғандар