Сурет: aqtobegazeti.kz
«DATAmetrics» компаниясы жүргізген әлеуметтанулық зерттеу қазақстандықтардың өмір сапасын оң бағалайтынын көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сауалнама Президент жанындағы ҚСЗИ тапсырысы бойынша 13 маусым мен 2 шілде аралығында жүргізілген. Бетпе-бет сұхбат әдісімен еліміздің барлық өңірі мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 тұрғын қатысты.
Зерттеу нәтижелері бойынша, респонденттердің 63,3%-ы өз өміріне толық риза, 31,9%-ы көп жағдайда қанағат білдіреді. Осылайша, 95,2%-ы оң баға берген. Ал 3,4%-ы онша риза емес, 1,1%-ы мүлде риза еместігін айтқан.
Отбасының материалдық жағдайына келетін болсақ, 67,6%-ы кейінгі жылдары жақсарғанын атап өткен. Оның ішінде 29,8%-ы айтарлықтай жақсарғанын, 37,8%-ы белгілі бір деңгейде жақсарғанын жеткізген. 25,5%-ы жағдай өзгермегенін, 6,6%-ы нашарлағанын айтқан.
Болашаққа деген сенім де жоғары: респонденттердің 78,6%-ы бір жылдан кейін өмірі жақсаратынына сенеді. Оның ішінде 45%-ы айтарлықтай жақсарады деп үміттенсе, 33,6%-ы белгілі бір деңгейде жақсаратынына сенімді. 15,9%-ы өзгеріссіз қалады деп есептейді, ал 3,4%-ы нашарлауы мүмкін деп санайды.
Мазмұнға өту
