Сурет: Ақорда
Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде ел тұрғындарының Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасына жоғары қолдау білдіретіні анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
2026 жылдың екінші тоқсанында еліміздің барлық өңірлерінен 2400 респондент қатысқан сауалнамаға сәйкес, азаматтардың 67,1 пайызы «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын ел үшін маңызды бастамалардың бірі деп бағалаған.
Зерттеу мәліметі бойынша, бастама қоғамның түрлі әлеуметтік топтары арасында кең қолдау тапқан. Оны студенттердің 65,4 пайызы, 46-60 жас аралығындағы азаматтардың 68,8 пайызы, жеке еңбек қызметімен айналысатындардың 66,3 пайызы және жоғары білімді респонденттердің 67 пайызы қолдайды.
Сауалнама нәтижелері инфрақұрылым сапасына қатысты тұрғындардың оң бағасы артқанын көрсетті. Респонденттердің 78,9 пайызы мектептердің қолжетімділігіне көңілі толатынын айтқан. Мәдениет мекемелеріне – 73,8 пайыз, демалыс және серуен орындарына – 73,7 пайыз, балабақшаларға – 73,5 пайыз, спорт кешендеріне 72,3 пайыз оң баға берген.
Зерттеу барысында азаматтардың заңдылық пен қоғамдық тәртіпке қатысты көзқарасы да сараланды. Респонденттердің 87,3 пайызы «Заң мен Тәртіп» қағидаты туралы хабардар екенін айтса, 74,2 пайызы заң мен тәртіпті сақтау мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігі екенін атап өткен.
Сауалнамаға қатысқандардың 66 пайызы Цифрландыру және жасанды интеллект жылының маңызын атап өтсе, 60,7 пайызы жасанды интеллект технологияларын елдің негізгі салаларына енгізуді қолдайтынын жеткізген.
Мазмұнға өту
