Categories Жайық news

Қазақстандықтар енді Токио мен Римге тікелей ұша алады: Биыл 13 жаңа халықаралық рейс ашылады

Қазақстанда биыл Токио, Рим, Вена секілді ірі қалаларға қатынайтын 13 жаңа халықаралық әуе бағыты іске қосылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, шетелдік туристерді тарту үшін жалпы 15 халықаралық маршрут ашылып, бұрын тоқтап қалғандары қайта жанданады.

Жаңа бағыттар тізіміне мына қалалар кірді: Вена, Токио, Рим, Эр-Рияд, Ларнака, Амман, Даммам, Қашғар, Дели, Рига және Варшава. Сонымен қатар Шымкенттен Бішкек пен Үрімжіге де жаңа рейстер ұша бастайды.

Министрлік ішкі рейстерді де назардан тыс қалдырмаған. Қазір ел ішінде 42 бағыт бойынша ұшақтар қатынайды, алдағы уақытта тоқтап қалған тағы тоғыз бағытты қайта іске қосу жоспарланған.

Сондай-ақ ведомство басшысы әуежайлардағы қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарына тоқталды.

«Біз қызмет көрсету деңгейін арттыруға ерекше назар аударып отырмыз. Астана мен Алматы әуежайларындағы кезекті азайту үшін Q-gate жүйесін енгіздік, бұл жолаушыларға қызмет көрсету уақытын айтарлықтай қысқартады. 2026 жылы оны Шымкент, Ақтау, Ақтөбе және Атырау әуежайларына енгізуді жоспарлап отырмыз», – деді Нұрлан Сауранбаев.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…