Әлем

Қазақстандық волонтерлер Гонконгтегі халықаралық жобаға қатысты

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның Ұлттық волонтерлік желісінің өкілдері Гонконгте өткен «Hong Kong Bootcamp 2026: Roots and Routes – Art Festival and Village Community» халықаралық жобасына қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның негізгі бөлігі Гонконгтегі Кат-О ауылында ұйымдастырылды. Қатысушылар жергілікті тұрғындардың өмірімен танысып, бірқатар игі шараға үлес қосты.

Бағдарлама волонтерлік жұмысқа басымдық берді. Қатысушылар жергілікті өнер фестивалін ауыл тұрғындарымен және қоғамдық ұйым өкілдерімен бірлесіп өткізді.

Экологиялық волонтерлік аясында олар табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға негізделген ауыл шаруашылығы әдістерімен және аумақтарды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті бастамалармен танысты.

Жоба әр елден келген волонтерлерге арал тұрғындарының тарихы мен дәстүрін білуге, өз тәжірибелерімен бөлісуге және халықаралық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

Қазақстанда волонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамып, мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды. Бүгінде елімізде волонтерлік ұйымдардың саны 4 есеге артқан.

Айта кетейік, елімізде волонтерлік қызметті қолдау стандарты әзірленген.

Көп оқылғандар