Қазақстандық еркін күрес шебері Мадхия Усманова антидопингтік ережелерді бұзғаны үшін төрт жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Egemen Qazaqstan басылымы хабар таратты. Спортшының допингке қарсы тесті оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта Усманованың аты-жөні Халықаралық допингке қарсы агенттіктің (WADA) қара тізіміне енгізілген.
«Мадхия Усманова антидопингтік кодексті бұзды. Нәтижесінде ол төрт жылға дисквалификацияланды», – делінген ресми хабарламада.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі болған Мадхия Усманова бұған дейін халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. Енді ол 2028 жылға дейін ешқандай ресми турнирге қатыса алмайды.

