Басты тақырып

Қазақстандағы балалар лагерлерінде 756 өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылған

Сурет: Egemen Qazaqstan

Жазғы маусым қарсаңында Қазақстандағы балалар лагерлерінен өрт қауіпсіздігіне қатысты 756 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жазғы сауықтыру маусымы басталғанға дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері әкімдіктермен бірлесіп 220 балалар лагерін тексерген. Нәтижесінде 78 сауықтыру ұйымында 756 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталған.

Үкіметтің мәліметінше, биылғы жазда 3,2 миллионнан астам бала жазғы демалыспен қамтылған. Сондай-ақ, биыл алғаш рет білім беру және сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдарды міндетті лицензиялау енгізілді. Қазіргі уақытта 64 орталық лицензия алған, ал тағы 45 өтінім қаралу үстінде.

Көп оқылғандар