Басты тақырып

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан Президенті жол қозғалысы мәселелеріне қатысты заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, 25 тамыздан бастап жүргізушілерді көлік басқару құқығынан айырудың екі жаңа негізі күшіне енеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші негіз – 60 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілердің міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтің цифрлық жүйеде болмауы. Екінші негіз – мас күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылған тұлғаларға қатысты. Мысалы, рақымшылыққа ілінген немесе қылмыстық қудалаудан иммунитеті бар адамдар туралы мәліметтер де цифрлық жүйеге енгізіледі.

Заңдағы өзгерістерге сәйкес, енді осы және өзге де негіздер бойынша көлік басқару құқығын тоқтату сот шешімімен емес, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Көп оқылғандар