Қазақстанда Вице-президент лауазымы енгізіледі – Президент заңға қол қойды

Сурет: Aikyn.kz

Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституция ережелерін іске асыру үшін конституциялық заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі Akorda-ға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заң Президенттің құқықтық мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін, сондай-ақ Вице-президенттің құқықтық мәртебесін айқындайды. Заңның басты жаңалығы – Вице-президент институтының құрылуы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-президент мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде оның мүдделерін білдіреді және Президент белгілеген міндеттерді орындайды.

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң Құрылтайды ұйымдастыру мен қызметін, заң шығару процесін және өкілеттіктерді жүзеге асырудың өзге де нысандарын, депутаттардың құқықтық мәртебесін белгілейді. Құрылтай – заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. Ол партиялық тізім бойынша сайланған 145 депутаттан тұрады, депутат өкілеттілігінің мерзімі – 5 жыл. Органды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан жасырын дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайланатын Төраға басқарады. Заңда Құрылтайдың кең өкілеттіктері, соның ішінде Вице-президентті, Премьер-министрді, Конституциялық сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беру, Президент ұсынуы бойынша Жоғарғы сот судьяларын сайлау және қызметтен босату, Конституциялық сот пен Жоғарғы сот судьяларын қолсұғылмаушылық құқынан айыру, Президент сайлауын тағайындау, Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін бекіту айқындалған.

Ұқсас жазбалар

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен келді

Мемлекет басшысы театрдың дамуы ел мәдениетінің деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.

Астанада 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі

Астана мәслихаты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бекітті. 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі.

Елордада балалар қатысқан жол апаттары 36,4%-ға өсті

Астанада балалар қатысқан жол апаттары 36,4%-ға өсіп, 311 оқиға тіркелді. Салдарынан 412 бала жарақат алып,…