Categories Саясат

Қазақстанда «Топырақты қорғау туралы» Заң қабылданды

Сурет: istockphoto.com

Парламент Сенаты «Топырақты қорғау туралы» заңды және оған ілеспе түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құжат топырақты қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді. Онда топырақтың жай-күйін басқарудың заманауи тетіктерін енгізу көзделген.

Заңда топырақты қорғау саласындағы бірыңғай ұғымдар, мақсаттар мен қағидаттар енгізіледі. Мемлекеттік органдардың өкілеттіктері нақты ажыратылады. Топырақтың жай-күйіне кешенді мониторинг жүргізудің бірыңғай жүйесі құрылады. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға топырақ құнарлылығын сақтау, молықтыру және қалпына келтіру бойынша міндетті талаптар белгіленеді. Сондай-ақ топырақтық зерттеулер, агрохимиялық талдау және жерді ұтымды пайдаланудың заманауи технологияларын енгізу арқылы ғылыми сүйемелдеу күшейтіледі.

Сенат Жер кодексіне және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына ілеспе түзетулерді де қабылдады. Бұл түзетулер қолданыстағы заңнаманың жаңа заң ережелерімен үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

«Топырақты қорғау туралы» Заңның қабылдануы жер ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудағы маңызды қадам саналады. Заңды іске асыру топырақты қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, жердің тозу қарқынын төмендетуге, топырақ құнарлылығын сақтап, қалпына келтіруге, агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуына және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа заң заманауи агротехнологияларды тиімді қолдануға, саланың ғылыми қамтамасыз етілуін дамытуға және жер қатынастарына қатысушылардың құнарлы топырақты сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыруға негіз қалайды.

Ұқсас жазбалар

Прокурорлар Қамшыбек Тәшиевке 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Бішкекте бұрынғы ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Тәшиевке қатысты «75 ісі» бойынша сотта прокурорлар 9 жыл бас…

Педагогтер мен студенттер әскери жиындарға шақырылмайды

Биыл Қазақстанда запастағы 3 мың әскери қызметкер міндетті оқу-жаттығу жиындарына шақырылады. Педагогтер мен студенттер жиынға…

Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды

Астанада Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезінде делегаттар Нұрсұлтан Шоқановты партия төрағасы етіп сайлады.