Сурет: Polisia.kz
Ішкі істер министрлігі ата-аналарды су айдындарында демалу кезінде балаларды қатаң бақылауда ұстауға шақырды. Министрліктің мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы бері елімізде 69 бала суға батып, қаза тапқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиғалардың көпшілігі шомылуға тыйым салынған және арнайы жабдықталмаған жерлерде болған. ІІМ профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Садановтың айтуынша, қауіпсіздік үшін тек арнайы жабдықталған жағажайда шомылып, балаларды су маңында қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, аптап ыстықтан кейін бірден суық суға түспеу қажет.
Тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жыл басынан бері осы құқық бұзушылық үшін 2700-ден астам адам жауапқа тартылды. Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі ең алдымен сіздердің жауапкершіліктеріңізде екенін ұмытпаңыздар, — деді А. Саданов.
Мазмұнға өту
