Қоғам

Қазақстанда «Республика үшін 1000 берік отбасы» акциясы басталды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жастарды отбасын құруға дайындау және отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында «Республика үшін 1000 берік отбасы» республикалық акциясы басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

26 қазан мен 2 қараша аралығында еліміздің барлық өңірлеріндегі Отбасын қолдау орталықтарында некеге тұруды жоспарлап жүрген жұптар мен жас отбасыларға арналған оқыту сабақтары өтеді.

Қатысушылар алты бағыт бойынша білім алып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді: серіктестік пен жауапкершілік, репродуктивті денсаулық, құқықтық және қаржылық сауаттылық, эмоциялық интеллект және коммуникация.

Сабақтарға «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары, Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің өкілдері, тарихшылар және этнографтар қатысады. Олар отбасындағы дәстүрлер, құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығы туралы әңгімелейді. Белгілі спортшылар, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері де өз тәжірибесімен бөліседі.

Көп оқылғандар