Басты тақырып

Қазақстанда қызметтік иттер екі айда 90 есірткі қылмысын ашуға көмектесті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Маусым айынан бері Қазақстанда қызметтік иттердің көмегімен 90 есірткі қылмысы ашылды. Заңсыз айналымнан 550 келіге жуық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Төрт аяқты көмекшілер автожолдар мен теміржол бағыттарында тәулік бойы қызмет етіп, есірткі тасымалы арналарының жолын кесуге көмектесуде.

Есірткі айналымының алдын алуға бағытталған «Zhastarmen» жобасы іске асырылуда. Полиция қызметкерлері жабайы қарасора өсетін аумақтарды анықтау үшін тікұшақтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және спутниктік мониторинг жүйелерін пайдаланады. Ерекше бақылау Шу өңіріне аударылған, онда дрондардың көмегімен жабайы қарасораның ондаған ошағы жойылды.

Көп оқылғандар