2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді, деп хабарлайды
Еске салсақ, Құрылтай – заңдар қабылдайтын, республикалық бюджетті бекітетін және елдің экономикалық әрі әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарына ықпал ететін бір палаталы заң шығарушы орган.
Бұған дейін Қазақстан Парламенті екі палатадан – Мәжіліс пен Сенаттан тұрған болатын.
Құрылтай бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан құралады.
Сайлаушылар үшін басты өзгеріс – дауыс беру партиялық тізімдер бойынша өтеді. Яғни сайлаушылар жекелеген кандидаттарға емес, саяси партияларға дауыс береді. Партия қаншалықты көп дауыс жинаса, Құрылтайдағы мандаттар саны да соған сәйкес бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 2026 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарының мандаттарына үміткер жеті саяси партияның партиялық тізіміне 545 кандидат енгізілген.
Сайлау бюллетенінде саяси партиялардың атаулары мынадай ретпен орналастырылады:
* «Әділет» партиясы;
* «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;
* «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы;
* «Қазақстан Халық партиясы»;
* «Ауыл» партиясы;
* «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы;
* «Respublica» партиясы.
Мазмұнға өту
