Саясат

Қазақстанда отандық зымыран өндірісі қолға алынады: Қорғаныс министрі мәлімдеді

Қазақстанда отандық зымыран өндірісі басталады. Бұл туралы Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту мен армияны жаңғырту – мемлекеттік саясаттың басты басымдығы. Осы мақсатта отандық зымыран өндірісін қолға алу жоспарланған.

«Біз әскери әлеуетімізді дамыту үшін жаңа технологияларды енгізіп, отандық өнім үлесін арттырамыз. Зымыран өндірісі – осы бағыттағы маңызды қадам», – деді Дәурен Қосанов.

Бұл бастама елдің қорғаныс саласын одан әрі нығайтып, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа жоба аясында отандық мамандарды даярлау және өндіріс алаңдарын жабдықтау жұмыстары жүргізіледі.

Көп оқылғандар