Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанда энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 13 трлн теңге бөлінеді. Осы жоба аясында шамамен 8 мың шақырым инженерлік желі жаңартылып, тазарту құрылыстары бойынша 45 жоба іске асырылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жүргізілетін жұмыстардың басты мақсаты – инженерлік желілердің орташа тозу деңгейін 40 пайызға дейін төмендету.
Сонымен қатар, бірыңғай электронды платформада қазіргі уақытта жалпы құны 320 млрд теңгені құрайтын 112 сумен жабдықтау және су бұру жобасы орналастырылған.
Бұл жобаларды жүзеге асыру коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсартып, халыққа сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған.
Мазмұнға өту
